Бразилияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 150-ден асты

Сурет: pixabay
Бразилияның Петрополис қаласында толассыз жауған жаңбырдан 152 адам қаза тапты. Оның ішінде кәмелетке толмаған 27 адам бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кейінгі мәлімет бойынша 165 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Тағы 967 адам баспанасынан айырылған. Бұл туралы Globo телеарнасы хабарлады.

Қазір адамдарды 500 құтқарушы, 200 полиция қызметкері, сонымен қатар әскерилер мен еріктілер іздестіріп жатыр. Олар қайғылы оқиғадан соң төрт күннен кейін тірі қалғандарды табу мүмкіндігін 75%-дан аспайды деп есептейді. Қаланы басып тұрған қалың тұман мен жауын-шашын іздестіру жұмысын қиындатқан.

Бразилия президенті Жаир Болсонару зардап шеккендерге көмек көрсетуді, сонымен бірге қала билігіне қолайсыз ауа-райының салдарын жоюды, оның ішінде әскерилерді тарта отырып, көмек көрсетуді тапсырды. Ол бұл үшін шамамен 430 миллион доллар бөлуге уәде берді.

Рио-де-Жанейро губернаторы Клаудио Кастро бұл жолы 1932 жылдан бергі ең қатты жаңбыр болып отырғанын айтты. Ол бұл трагедияны «тарихи» деп атады.

Петрополисте барлығы 170-тен астам су тасқыны тіркелді. 80 тұрғынның үйі зақымданған немесе қираған. Алты сағатта жауын-шашынның бір айлық нормасы жауғанда қала билігі төтенше жағдай енгізген.

Айта кетейік, қаңтарда Бразилияда су тасқынынан кем дегенде 20 адам қаза тапқаны хабарланған еді. 35 мыңнан астам адам үйін тастап кетуге мәжбүр болды. Апат Баия штатындағы 40 қаланы қамтыды. Джуссиапе қаласына жақын жерде Дуас Ілияс бөгеті жарылып кетті. Синоптиктер жаңа тасқындардың пайда болуын болжаған еді.

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды