Ақтөбеде ТҚКС жарылып, бір адам қайтыс болды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ақтөбеде 22 ақпан күні таңғы бестер шамасында «Альтаир» техникалық қызмет көрсету орталығында газ-ауа қоспасы жарылды. Жалпы ауданы 1000 шаршы метр болатын орталықтың 600 шаршы метрі қираған, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеме жасады.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа сол жердегі автокөліктерден газ-ауа қоспасының ағуы себеп болған.ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрі жарылыс болған жерден күзетішінің мәйіті табылғанын, өлім фактісі тіркелгенін мәлімдеді.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Өрт болмаған, бірақ техникалық қызмет көрсету станциясының ішінде және жанында болған 11 көлік бүлінген.

Бұл факті бойынша әрі қарай тексеру, себептері бөлек хабарланады.

Ақтөбе
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды