Арал маңында Ан-2 ұшағы өртенді

Сурет: Zakon.kz
Ұшақ бортында екі экипаж мүшесі мен бір жолаушы болған. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін сағат 12:30-да Арал қаласынан оңтүстікке қарай 10 шақырым жерде «Тараз Жаңа әлем» жеке әуе компаниясының АН-2 ұшағы қону кезінде өртенді. Ұшақ Қызылорда – Арал бағыты бойынша жедел жәрдем (TJA5217) рейсін орындаған.Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, бортта екі экипаж мүшесі мен бір жолаушы болған. Жараланғандар мен зардап шеккендер жоқ.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Әуе оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тергеу департаменті тексеру жүргізеді.

Қызылорда
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды