Алаяқ «әлеуметтік қызметкер» зейнеткерлердің үйін тонаған

Сурет: polisia.kz
Алматылық әйел «әлеуметтік қызметкермін» деген желеумен адамдарды тонаған, деп хабардайды Zakon.kz.

Жәбірленушілердің айтуынша, әйел қарт адамдардың пәтеріне келіп, өзін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырады. Сосын жәрдемақы аламын деген желеумен ірі көлемде ақша айырбастап беруді сұрайды. Үй иесі бөлмеге кіріп кеткен кезде ол ақша ұрлайтын көрінеді. Екі жәбірленуші – 1929 және 1930 жылы туған зейнеткерлер.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, осындай қылмыс жасады деген күдікпен Алматы облысының 38 жастағы тұрғыны ұсталды.

Келтірілген залал әртүрлі: бір зейнеткер ас үйге барып келгенше, қаскөй 1 миллион теңгені ұрлап, ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Қазір ұсталғанға қатысты екі бірдей эпизод дәлелденді.Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов

Күдікті ұсталғанымен полиция қызметкерлері жәбірленушілердің көп болуы мүмкін екенін айтып отыр.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды