Қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялау: елшілік тағы да үндеу жасады

Сурет: pixabay
Қазақстан Украинадағы Елшілігі қазақстандық азаматтарды эвакуациялау үшін қосымша маршруттар мен рейстерді әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның Украинадағы Елшілігі Telegram-каналында кезекті үндеу жариялады.

Украинадағы елшіліктің хабарлауынша, қазақстандық азаматтарды эвакуациялау үшін қосымша маршруттар мен рейстер әзірленіп жатыр. Дәл қазір Украина аудандарында жұру, қозғалу жағы қиын болып тұр. Азық-түлік дүкендері барлық жерде жұмыс істеп жатқан жоқ.

Банк, ақша аударымдары операцияларын жүзеге асыру қиындады. Қоғамдық көлік те жүріп тұрған жоқ. Сондықтан қазір қай жердесіз, сол жерде қалуыңызды және сабыр сақтауыңызды сұраймыз, – деп хабарлады елшілік.

Бұған дейін Қазақстанның Украинадағы Елшілігі Одесса облысының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының азаматтарына үндеу жолдаған еді.

Еске салайық, 26 ақпанда «Эйр Астана» Катовице қаласынан (Польша) Атырауға арнайы рейспен Украинадағы қазақстандықтарды алып кетуді жоспарлап отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды