«Концертте жолыққанша»: Димаштың ән кеші қай елдерде болады

Сурет: instagram/kudaibergenov.dimash
Биыл көктемде Димаш Құдайбергенді бірнеше елден көруге болады. Оған себеп – әншінің жеке ән кеші, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кейінгі кезде Димаш Құдайберген өз тыңдарманын әр елдерде болатын ән кешіне шақырып жүр. Концерттің қай елде, қандай аренада, қашан болатынын әнші өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады. 2021 жылдың 31 желтоқсанында ол жағымды жаңалықтар болатынын хабарлаған.

Алдағы 2022 жыл жақсы жаңалықтар жылы болғай! Жақын күндері мен Сіздермен алдағы жеке концертім туралы жаңалықтармен бөлісемін. Назар сала жүріңіздер!Димаш Құдайберген

Димаш Құдайберген қай елдерде жеке ән кешін өткізеді?

25 наурыз. Дубай (Біріккен араб әмірліктері). Өтетін орны: Coca Cola Arena

2 сәуір. Минск (Беларусь). Өтетін орны: Минск арена

16 сәуір. Прага (Чехия). Өтетін орны: Типспорт арена

9 сәуір. Дюссельдорф (Германия) Өтетін орны: ISS Dome

Концертке билеттерді әншінің Instagram парақшасындағы сілтемелер арқылы сатып алуға болады.

Қазақстан
Қытай
БАЭ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды