«Мұқағали» фильмі Үндістанда көрсетіледі

Сурет: "Қазақфильм"
Қазақстандық режиссер Болат Қалымбетов түсірген «Мұқағали» көркем фильмі Үндістанда наурыздың 18-25 аралығында өтетін 26-шы Халықаралық Керала кинофестивалінің «Әлемдік кино» бағдарламасы шеңберінде көрсетіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетерлігі, бұл байқауда Берлин және Канн сынды  басқа да әлемдегі беделді фестивальдерде жүлделерге ие болған фильмдер ұсынылады.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Мұқағали» фильмі қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды.

 Фильмнің әлемдік тұсаукесері Таллиндегі «А» санатындағы 25-халықаралық «Темные ночи» (PÖFF)  кинофестивалі шеңберінде өтті. Байқаудың негізгі бағдарламасына қатысқан отандық кинотуынды  экуменикалық қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. Былтыр қазан айында биографиялық драма елімізде прокатқа шығып, көрерменнің ыстық ықыласына ие болғанын айта кету керек.

 Керала халықаралық кинофестивалі Үндістанда өтетін ең ірі әрі беделді байқаулардың бірі. Мәдени іс-шара Керала штатының мәдениет департаменті ұйымдастыруымен жыл сайын желтоқсан айында өткізіледі. Биылғы фестиваль Covid-19  пандемиясына байланысты наурыз айына ауыстырылып, дәстүрлі форматта өткізілетін болады. Фестиваль шеңберінде барлығы 180 фильм көрсетіледі.

 

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды