Елімізде темекі шегетіндердің орташа жасы – 17-18 жас

Сурет: pixabay
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында халық арасында темекі өнімін тұтыну деңгейін төмендету үшін қандай шара қолданылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда 15 жастан асқандар арасында 21,5%-ы темекі шегетінін айтты. Оның ішінде 38%-дан астамы – ерлер, ал 6,4%-ы – әйелдер.

Темекі шегетіндердің орташа жасы – 17-18 жас. Мектеп оқушыларының мінез-құлқын зерттей келе, 15 жаста ер балалардың 10%-ы, қыздардың 6%-ы темекі тартатыны анықталды. Жасөспірімдер арасында электронды темекі бұрынғыдан да танымал. Мысалы, 15 жаста ұлдардың 14%-ы, ал қыздардың 6%-ы электронды темекіні шегеді.Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният

Министрдің айтуынша, барлық проблеманы ескеріп, халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдысын арттыру мақсатында былтыр жыл соңында «Салауатты ұлт» ұлттық жобасы бекітілген.

Құжатта темекі өнімдеріне акцизді кезең-кезеңімен арттыра отырып, темекі өнімдерін тұтынуды қысқарту бойынша жеке бағыт қабылданған.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды