Алматыда терезеден кіріп, пәтер тонайтын ұры қолға түсті

Сурет: freepik
Полиция қызметкерлерінің кәсібилігі мен үйлесімді әрекетінің арқасында жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқан азамат ұсталды, деп жазады Zakon.kz.

Бұл туралы шаһардың Түрксіб ауданының тұрғыны, қалалық ПД-нің басшылығына жолдаған алғыс хатында хабарлады.

«Күндіз менің үйіме терезе арқылы бейтаныс адам кірді. Үйде адам болады деп ойламаған сияқты. Мені көріп қалғаннан кейін, ол тез шегінді. Бірақ бірден полиция капитаны Е.У.Ташев пайда болды. Ол қаскөйді ұстады. Осыдан кейін жедел уәкіл белгісіз адамның жедел-іздестіруде және бақылауда болғанын түсіндірді. Осы қызметкердің кәсіби және адами қасиеттерін Алматы полициясының басшылығына жеткізуді азаматтық борышым деп білемін. Қол астындағыларыңыздың арасында осындай қызметкерлер көп болса екен деп шын жүректен тілейміз», - деді, алматылық өз хатында.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды