2022 жылғы Азия ойындары кейінге шегерілді

Сурет: Instagram/ag2022official
6 мамырда Ташкентте өткен Азия Олимпиада кеңесі Атқару комитетінің отырысында 2022 жылғы Жазғы Азия ойындарын белгісіз мерзімге шегеру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азия Олимпиада кеңесі 2022 жылғы 10-25 қыркүйек аралығында Ханчжоуда (ҚХР) өтуі тиіс Жазғы Азия ойындары белгісіз мерзімге шегерілгенін мәлімдеді.

Нақты қашан өтетіні кейінірек хабарланатын болды.

Ханчжоудағы Азия ойындарын ұйымдастыру комитеті жаһандық мәселелерге қарамастан, ойындарды белгіленген мерзімде өткізуге өте жақсы дайындалған. Алайда бұл шешімді барлық мүдделі тараптар пандемия жағдайын және Ойындардың ауқымын мұқият қарастырғаннан кейін қабылдады. Азия Олимпиадалық кеңесінің баспасөз қызметі

19-Азия ойындарының атауы мен эмблемасы өзгеріссіз қалады әрі ойындар сәтті өтеді, делінген Азия Олимпиадалық кеңесінің мәлімдемесінде.

Қытай
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды