СҚО су қоймасына ақсақа тұқымдас балықтың 35,5 млн дернәсілі жіберілді

Сурет: Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
Балық ресурстарының жасанды өсімін молайту бойынша 2022 жылға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде Сергеев және Петропавл су қоймаларына көкшұбар мен пайдабалық балығының 35,5 миллион дернәсілі жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Петропавл балық питомнигі жылына орта есеппен су айдындарына 37 млн данаға жуық ақсақа тұқымдас балық түрлерінің дернәсілін және тұқы балығының шабақтарын жібереді.

Айта кетейік, елімізде республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына балық жіберу жөніндегі іс-шаралар жалғасып жатыр.

Су айдындарына балық жіберу Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының, жергілікті атқарушы органның, Петропавл балық питомнигі, "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС Солтүстік филиалының өкілдерінен құралған комиссия арқылы бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен жүзеге асты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды