Қарағанды ​​хайуанаттар бағында арыстан төлдеді

Сурет: unsplash
Қарағанды зообағында екі алан дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жыл басынан бері Қарағанды хайуанаттар бағында толығу көп. Биыл бақта үш аю, екі арыстан, үш құлын, жеті лақ, тоғыз қозы дүниеге келіп, түйе, қасқыр және бұзау төлдеді. Бұл туралы зообақ қызметкерлері әлеуметтік желіде хабарлады.

Сонымен қатар Қарағанды хайуанаттар бағы жаңа туған аландарға ат қоюға көмек сұрап, байқау жариялады. Байқаудың шарты бойынша, ат қоюға 7-18 жас арасындағы зообақты әлеуметтік желіден бақылаушылар қатыса алады.

Байқау қорытындысы 29 мамырда, жаз қарсаңында жарияланады. Айтпақшы, арыстанның төлдері еркек.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды