Атырау облысында жоғалған бақташыны тікұшақпен іздеп жатыр

Сурет: «Қазавиаспас» АҚ
Іздестіру жұмыстарына құтқарушылардан бөлек полицейлер, жоғалған адамның туыстары мен із кесуші ит те жұмылдырылды. Басқа мәліметтер нақтыланып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

1991 жылы туған ер адам 9 мамыр күні таңертең мал жаюға кетіп, қайтып оралмаған, деп жазды «Мой город».

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы Жылыой ауданында іздеу жұмыстары басталғанын хабарлады.

10 мамырда Құлсары қаласынан 150 шақырым радиуста іздеу жұмыстарын жүргізу үшін Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиаспас» АҚ-ның Ми-8МТВ UPMI844 тікұшағы әуеге көтерілді.

Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, полицейлер, жоғалған адамның туыстары мен іздеу иті жұмылдырылды.

Атырау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды