Конституцияның жаңа мәтіні қандай болуы мүмкін

Сурет: elbasylibrary.gov.kz
«Параграф» ақпараттық жүйесінің сарапшылары қазақстандықтар референдумда өзгерістер мен толықтырулар енгізуге дауыс берген жағдайдағы еліміздің Негізгі заңының болашақ нұсқасының мәтінін дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Негізгі Заңның болашақ нұсқасының түзетулерімен анықтамалық нұсқасының мәтініy мына жерден оқуға болады. Қазақстан халқы «қолдаймын» деп дауыс берсе, Конституцияның мәтіні осындай болады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданыстағы нұсқасын референдумға енгізілген түзетулер ескерілген анықтамалық нұсқасымен мына жерде салыстыруға болады.

Аталған мәтіндерде «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасында көзделген өзгерістер ескерілген.

Еске салсақ, 2022 жылғы 5 мамырында ҚР парламенті референдум туралы заңға түзетулер қабылдаған болатын. Сол күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум 5 маусымда өткізілетіні туралы Жарлыққа қол қойды.

6 мамырда Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдумның қалай өтетінін айтты.

Нұр-Сұлтан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды