ЕО балалар порноконтентін анықтау үшін WhatsApp-ты тыңдауға рұқсат бермекші

Сурет: pixabay
Мұндай өкілеттікті Еуроодақтың Балаларға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық мәселелері жөніндегі орталығына бөліп беру жоспарланып отыр. Еуропалық комиссияның осы сипаттағы заң жобасы жарияланып үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Wired басылымының жазуынша, егер заң қабылданса, WhatsApp, iMessage, Signal және басқа да мессенджерлер кәмелетке толмағандар тартылған жыныстық мазмұндағы контентті іздеуге, табылған жағдайда ол туралы полицияға хабарлауға және бұл ақпаратты жоюға міндетті. Ол үшін IT алыптары арнайы техникалық құралдарды әзірлеуге мәжбүр болады.

Жаңа заң іс жүзінде пайдаланушыларды бақылауға мүмкіндік береді және көптеген мессенджерлерде қолданылатын өтпелі шифрлауды жарамсыз етеді. Құқық қорғаушылар жыныстық сипаттағы контентті іздеу жүйесі уақыт өте келе пайдаланушылардың жеке өміріне қауіп төндіретін басқа хабарламаларды да іздеуге қолдануға болатынын айтады.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды