Қазақстан Сурдлимпиада ойындарында 13-орынға ие болды

Сурет: csp-parasport.kz
Бразилияда өткен Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы үш алтын, жеті күміс және 18 қола медаль жеңіп алды. Жалпы медальдық есепте Қазақстан 13-орында, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сурдлимпиада-2022 турнирлік кестесінде Украина бірінші орынды иеленді. Оның спортшылары 61 алтын, 38 күміс және 38 қола медаль жеңіп алды. Екінші және үшінші қатарда АҚШ (54 медаль) мен Иран (40 медаль) тұр.

Сурдлимпиада – есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған спорттық жарыс.

Қазақстандық спортшылар дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес және жеңіл атлетикадан жүлделі орындарға ие болды. Биылғы ойындарға әлемнің 73 елінен 2,5 мыңнан астам спортшы қатысты, – деп хабарлады мүмкіндігі шектеулі жандарды спорттық даярлау орталығы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды