Алматы зообағында гималай қонжығы дүниеге келді

Сурет: видеодан скриншот
Жақсы жаңалықты Алматы хайуанаттар бағының мамандары бөлісті. Кішкентай қонжық Яшин мен Уссуридің алғашқы төлі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қонжық 18 қаңтарда дүниеге келген. Бес айдай ол анасымен арнайы бөлмеде тұрған.

Қонжықтың ата-анасы – Яшин мен Уссури бізге былтыр мамыр айында Ресейден әкелінді. Енді осы аюлар жұбындағы тұңғыш төл дүниеге келіп отыр. Біз ерекше қуаныштымыз. Бес айдай ол анасымен арнайы бөлмеде тұрған. Осы кезеңде біз анасы мен қонжықты мазаламадық. Уссури өз қонжығына ерекеше мейірім көрсетіп, өсіріп келеді, – деп жазылған Алматы зообағының Instagram-дағы парақшасында.

Алматы хайуанаттар бағы кішкентай қонжыққа ат таңдауда көмек сұрады. Бақтың әлеуметтік желідегі парақшасына әркім өз ұсынысын жаза алады. Нәтижесі бірер күнде жарияланады.

Енді қонжыққа жақсы ат қоюымыз керек. Өздеріңіздің нұсқаларыңызды жазып, ұсыныс-пікірлеріңізді қалдырыңыздар. Жақсы қойылған атты жыртқыштар бөлімінің аюларға қарайтын мамандары таңдап алады.Алматы зообағы

Қонжық өсіп, жетіліп, күш-қуат жинаған соң ғана үлкен қоршауға ауыстырылған. Келушілер қонжықты сол жерден көре алады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды