Алматыда салмағы алты келіден асатын қыз бала дүниеге келді

Сурет: Алматы қаласы №2 перзентхананың баспасөз қызметі
Дәрігерлер мұндай алып қыз туылады деп күтпеген. Сәбидің анасы Инабат Қостанбай 23 жаста, өз күшімен босанған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәрігерлер нәресте артық салмақпен туылатынын білгенімен, 6 келіден асады деп ойламапты.

УДЗ арқылы ұрықтың төрт келіден жоғары екенін көрдік, бірақ УДЗ-мен нақты салмақты анықтау мүмкін емес. Сырқатнамаға біз болжаммен 4290 келі деп жаздық. Кесарь тілігінсіз босандыруды шештік. Табиғи жолмен босануға жіберілмейтін белгілер бар. Біздің жағдайда мұндай белгілер болған жоқ. Әрине, әйелдің бұрын да босанғанын және оның бірінші баласының салмағы да аз емес, 4 келі 50 грамм болғанын ескердік.Алматы қаласындағы №2 перзентхананың неонатология бөлімінің меңгерушісі Диляра Сыртанова

Босанғаннан кейін қыз он күн бойы қарқынды терапия бөлімінде дәрігерлер мен медбикелердің тәулік бойы бақылауында болды. Одан соң тоғыз күн бойы анасымен бірге жаңа туылғандар бөлімшесінде жатты.

Мұндай жағдайлар біздің перзентханада ғана емес, қалада өте сирек кездеседі. Қазіргі уақытта анасы мен жаңа туған нәрестенің жағдайы жақсы, олар үйлеріне шығарылды. Диляра Сыртанова
Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды