Бозжыра шатқалындағы тест-драйв қазақстандықтардың ашуын тудырды

Сурет: видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде «Бозжыра» шатқалы маңында жол талғамайтын көлікті сынақтан өткізген кезде түсірілген видео тарады. Ол Қазнет қолданушыларының наразылығын тудырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео маңғыстаулық Азамат Сәрсенбаев есімді блогердің парақшасында пайда болды. Кадрларда жол талғамайтын көлік аймақты айналып жүреді. Ал сонда жүрген бір азамат балғамен жердегі тасты ұрып, жолды түзеп жатқаны көрінеді.

Желі қолданушылар видеоны көріп, наразы болып жатыр:

Облыстық полицейлер сынақ жүргізуді ұйымдастырғандар мен жүргізушіні тапқанын хабарлады.

2022 жылдың 16 мамырында желіде блогерлер Бозжыра шатқалының жанында жаңа жол талғамайтын көлікті сынақтан өткізген видео пайда болды. Қазір ұйымдастырушылар мен жүргізушінің жеке басы анықталды. Мемлекеттік нөмірсіз көлік жүргізгені үшін жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы, 2-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды