ШҚО тұрғыны күйеуінің ашынасын жазалады

Сурет: pixabay
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны ғашығының әйеліне телефон арқылы хабарласып, тіл тигізгені үшін сотта жауапқа тартылып, 60 сағаттық қоғамдық жұмысқа шегілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті таратқан мәлімет бойынша, бұл жағдай 8 наурыз күні қарсаңында болған.

Айыпталушы сүйіктісінің әйеліне оның қарым-қатынасы туралы айтпақ болып қоңырау шалған, алайда өзін ұстай алмай, оны әдепсіз сөздермен қорлаған. Әйелі телефон тұтқасын қоя салған. Алайда, алған бетінен қайтпаған әйел қарай телефон шалуын тоқтатпаған. ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі

Жәбірленуші учаскелік инспекторды шақырып, аудио жазбаны сақтап, оны сотқа ұсынған.

Сот әйелді құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 60 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартты. Кейін пробация қызметіне есепке қойылып, қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жергілікті әкімдікке жолданды. Қащір ол күніне 4 сағаттан аумақты тазалап жүр. ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі

Ведомство атап өткендей, қазіргі уақытта сотталушы тарапынан бұзушылықтар анықталмаған. Қоғамдық жұмыстарды тәртіпке сай орындап жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды