Алдағы үш күнде Қазақстанда қатты жаңбыр жауып, үсік жүреді – синоптиктер

Сурет: pixabay
Синоптиктер еліміз бойынша 24-26 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Алдағы үш күнде нөсер жаңбыр, найзағай, жел, бұршақ күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Екатеринбург облысынан келетін циклонмен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелер республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райын тудырады.

Жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, 26 мамырда түнде солтүстік-батыста қатты жаңбыр жаууы мүмкін. «Қазгидромет» РМК

Кезеңнің соңында республиканың батысына солтүстік-батыс антициклонның екпіні таралады, жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы аздап төмендейді.

24 мамырда түнде және таңертең орталықта, шығыста, 26 мамырда батыста топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік болуы мүмкін, – делінген хабарламада.
Алматы
Нұр-Сұлтан
Шымкент
Атырау
Ақтау
Өскемен
Түркістан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды