Жеткіліксіз ұйқы салмақ қосуға себеп болуы мүмкін – сомнолог

Сурет: unsplash
Дәрігер ұйқы сапасының дене салмағына әсері туралы айтты. Ұйқы режимінің бұзылуы шамадан тыс тамақтану мен түнде тоңазытқыш ақтаруға әкеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сомнолог Виктор Ханның айтуынша, ұйқы сапасының дене салмағына әсері ең әуелі гормонал деңгейдің өзгеруіне байланысты.

Атап айтқанда, бала кезде ұйқының терең фазаларында дененің өсуіне көмектесетін, ал ересек кезде май жасушаларын кәдеге жаратуға жауап беретін соматотропты гормон бөлінеді. Біз ұйықтағанда соматотропты гормон қосымша калорияларды жояды. Адам ұйықтамаса, өсу гормоны жетіспей, сәйкесінше кері әсер беруі мүмкін.Сомнолог Виктор Хан

Өсу гормонының қызметі май тінінің тұндырылуына ықпал ететін инсулинге қарама-қарсы жүреді. Егер бұл гормон жеткіліксіз болса, денеде инсулинге қарсы ештеңе болмай, адам салмағы өсе береді.

Сонымен қатар терең ұйқы қанықтыру сезіміне жауап беретін лептин және аштық сезіміне жауап беретін грелин сияқты гормондардың тепе-теңдігін қалпына келтіреді. Ұйқы бұзылса, түнде тамақтанғыңыз келе беретініне таңғалмаңыз.Сомнолог Виктор Хан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды