«Алтын Емел» қорығында жойылып бара жатқан керқұлан құлындады

Сурет: pixabay
"Алтын Емел" ұлттық паркінде Пржеваль жылқысы құлындады. Жалпы, қорықта сегіз жабайы жылқы бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қорықтың Instagram парақшасында видео жарияланды.

"13 мамырда ұлттық саябақта айтулы оқиға орын алды, "Голан" айғырымен шағылысқан Пржеваль биесі тағы бір мәрте құлындады. Еркек құлын анасын емін, қорықта өзін емін-еркін сезінеді", – делінген хабарламада.

Ұлттық парк қызметкерлерінің айтуынша, қорықта сегіз Пржеваль жылқысы бар.

Пржеваль жылқысы жойылып кету қаупі төнген сирек кездесетін жануар деп танылды. Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Өткен жылы Қазақстанда оның 10-ға жуық түрі бар екені хабарланған болатын.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды