Димаш жаңа бейнебаянының тизерін жариялады

Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Жақында Димаш Құдайберген тыңдарманға «О'кей» деп аталатын әнін ұсынған еді. Ал бүгін сол әнге түсірілген бейнебаян жарыққа шығады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін, 30 мамыр, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18:00-де, сіздерді Димаш Құдайбергеннің ресми YouTube-каналында өтетін «О'кей» бейнебаянының премьерасына шақырамыз, – деп жазды әншінің Instagram-дағы Dimash.news жаңалықтар парақшасы.

Бейнебаянның тизерінен байқауымызша, онда 1937 жылғы оқиға көрсетіледі. Басты кейіпкерлердің бірі – әншінің өзі. Еске сала кетейік, Димаштың «О'кей» әні 24 мамырда барлық музыкалық платформаларда қол жетімді болған еді.

Айта кетейік, сонымен қатар Димаш Құдайберген баршаны Айсұлтан Сейітовтің фильмін қолдауға шақырды. Бірер күн бұрын қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов жаңа толықметражды «Қаш» фильмінің тизерін жариялады. Бұл тизерді Димаш Құдайберген де өз парақшасына бөлісіп, қолдау білдірді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды