Антикордың «жалған қызметкері» Instagram-да емес, қамауда отыр

Сурет: Zakon.kz
Желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұстаған Нұрбол Кәрімов Instagram-да тікелей эфирге шығып, Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні ұстады деген видео таралды. Осыған орай ведомство өкілдері түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұрбол Кәрімов осы жылдың 20 мамырынан бастап соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамауда отыр. Оған қатысты алаяқтық іс-әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Агенттік сотқа дейінгі тергеу барысында Алматы қаласында лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелеудің қосымша фактісі анықталғанын атап өтті.

Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Каримов басқа ұқсас қылмыстарды бұрын жасаған болуы мүмкін екенін хабарлаймыз.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Осындай фактілер бойынша ақпарат болған жағдайда, көрсетілген нөмірлер бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарласуға болады: 1424, +7 702 320 7020

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды