БҰҰ: Украинадағы қақтығыс 15 миллион адамға аштық қаупін төндіреді

Сурет: pixabay
19 мамырда БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлемде 43 елден 49 миллион адамға аштық қаупі төніп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы Украинадағы әскери қақтығыс салдарынан әлемде 13-15 миллионға жуық адамға ашаршылық қаупі төніп тұруы мүмкін деп болжайды. Бұл туралы Ұйымның Ресеймен байланыс жөніндегі кеңсесінің директоры Олег Кобяков мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.

Егер аштық статистикасы динамикасына қарасақ, пандемия алдындағы 2019 жылы әлемде 690 миллион адам аш болған. Келесі жылы бұл көрсеткіш 811 миллионға жетті. Яғни, 120 миллион адам азық-түлік қауіпсіздігі жағдайынан аштық жағдайына дейін «қызыл сызықтан» өтті. Биылғы жылы, біздің болжамымыз бойынша, Украинадағы әскери операцияларға байланысты жағдай ғана бұл шекарадан тағы 13-15 миллион адамды шығарады. Олег Кобяков

Кобяков ғаламшардағы ашаршылықты тудырған украин дағдарысы емес, алайда ол жағдайды ушықтырғанын атап өтті.

19 мамырда БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлемде 43 елден 49 миллион адам аштықпен бетпе-бет келгенін айтты.

БҰҰ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды