1 миллиард долларға дейін: Путин Гренландияның құнына болжам жасады
Фото: akorda.kz
Ресей президенті Владимир Путиннің пікірінше, егер Гренландия XIX ғасырда Ресей АҚШ-қа Алясканы сатқан кездегі бағалармен шамалас құнға сатылатын болса, Америка Құрама Штаттары оны сатып алуға шамасы жетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
РБК дерегінше, Ресей басшысы Гренландияның құнын 200 миллион доллардан 1 миллиард долларға дейін деп бағалаған.
"Гренландияның аумағы Аляскадан сәл үлкен – шамамен 2 миллион 166 мың шаршы шақырым. Яғни айырмашылық шамамен 450–449 мың шаршы шақырымдай. Егер мұны АҚШ-тың Алясканы сатып алған кездегі құнмен салыстырсақ, Гренландияның бағасы шамамен 200–250 миллион доллар болар еді", – деді Ресей президенті.
Оның айтуынша, егер сол кезеңдегі алтын бағасымен есептейтін болсақ, бұл сома әлдеқайда жоғары болып, 1 миллиард долларға жуықтауы мүмкін. Владимир Путиннің пікірінше, АҚШ мұндай соманы да көтере алады.
Сонымен қатар Ресей президенті Гренландия төңірегіндегі жағдайды АҚШ пен Дания өзара өздері шешетініне сенім білдірді.
"Бұл бізге мүлде қатысы жоқ. Олар бұл мәселені өзара шешеді деп ойлаймын", – деді Путин РФ Қауіпсіздік кеңесімен өткен жедел кеңес барысында.
Бұған дейін планетологтардың Марста "Солтүстік Мұзды мұхитқа" тең алып мұхит болғанын анықтағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript