БҰҰ Түркияның атын өзгертті

Сурет: pixabay
Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу түсіндіргендей, Түркия атауының емлесін өзгерту Анкараның «елдің халықаралық аренадағы беделін арттыруға» бағытталған қадамдары аясында қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҰҰ Түркияның барлық ресми құжаттардағы республика атауын өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды РИА Новости.

Republic of Turkey (Түркия Республикасы) Republic of Türkiye болып өзгертілді.

Өзгеріс түрік билігінің үндеуінен кейін бірден күшіне енді.

Ел атауының қысқа нұсқасы енді Türkiye болады, ал бұған дейін Turkey болған. Алфавит бойынша Түркияның орны өзгермейді.

Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу түсіндіргендей, Түркия атауының емлесін өзгерту Анкараның «елдің халықаралық аренадағы беделін арттыруға» бағытталған қадамдарының бір бөлігі ретінде қабылданды.

Бұған дейін Тайланд билігі Бангкоктың ресми атауын латын графикасында шет тілдерінде жазу үшін Bangkok атауының орнына Krung Thep Maha Nakhon деп өзгерту туралы шешім қабылдаған.

Шет тілдеріндегі астаналар атауларын жергілікті тілдің дыбысына көбірек сәйкес келтіру туралы шешімді Қытай, яғни Пекинді Beijing деп өзгерткен және Rangoon атауын Yangon деп өзгерткен Мьянма сияқты бірқатар мемлекеттер қабылдады.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды