«ҚазМұнайГаз-дың» бұрынғы басқарушы директорына іздеу жарияланды

Сурет: Zakon.kz
Қаржылық мониторинг агенттігі «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның бұрынғы басқарушы директоры Ибулла Сердіге іздеу жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Серді алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамдар жасаған аса ірі көлемде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқырды деген күдікке ілінген.

Іздеудегі адамды анықтау немесе оның жасырынған орны туралы ақпарат білсеңіз, Агенттіктің +7 7172 708 478, +7 7172 767 921 сенім телефондарына немесе Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша хабарласуыңызды сұраймыз. ҚР ҚМА

Ведомствода іздеуде жүрген адамның жүрген жері туралы шынайы ақпарат бергені үшін ақшалай сыйақы қарастырылғанын атап өтті. Ақпарат берген адамның аты-жөні құпия болып қалады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды