«Ерен еңбегі үшін» медалінің иесі жеті жылға бас бостандығынан айырылды

Сурет: Zakon.kz
Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті Ақсу қаласындағы су құбырын қайта жөндеуге бөлінген 340 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақсу қаласының құрылыс бөлімінің басшысы Мұздыбаев, «Дала» ЖШС директоры Рыспеков және техникалық қадағалау маманы Нұртазин іс жүзінде орындалмай атқарылған жұмыс актілеріне қол қойған. Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 340 миллион теңге, яғни аса ірі көлемдегі материалдық залал келтірілген. ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Ведомствоның мәлімдеуінше, Ақсу қалалық соты Мұздыбаевты Қазақстан Республикасы президентінің атына оны мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалінен айыру туралы ұсыныспен 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Рысбековты 9 жылға, Нұртазинді 7 жылға бас бостандығынан айырды.ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Павлодар
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды