Иманбек полицейлер бастаған челленджге қосылды

Сурет: Instagram/imanbekmusic
Полиция белгілі спортшылар және спорт мектептерінің өкілдерімен бірге «Салауатты өмір салты, салауатты ұлт!» челленджін бастады. Оған танымал диджей Иманбек Зейкенов те қолдау көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Барлығына сәлем! Мен есірткіге қарсы екенімді айтқым келеді. Есірткі деген – зұлымдық, жігіттер, – деді жастарға «Грэмми» сыйлығының иегері Иманбек.

Сонымен қатар мұндай шараға Павлодар облысы бойынша күрес федерациясының президенті Зайырбек Әбілқадыров та қосылды.

Бұл челлендждің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақ арасында есірткіге теріс көзқарасты қалыптастыру.

Павлодар облысында атап өткендей, көктем мезгілінде есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшелерінің қызметкерлері, еріктілер мен салауатты өмір салты қозғалысына қатысушылар бірнеше шақырым қашықтықты жүгіріп өтті. Челленджге облыс студенттері де белсене қатысты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды