Ақтауда Тик-токқа түсемін деп теңізге секірген студенттің денесі іздестіріліп жатыр

Сурет: куәгерлер түсірген
"Самал-2" ықшам ауданы маңындағы теңіз жағалауында қайғылы оқиға орын алды. Құтқарушылар бұл арада бір топ студент әлеуметтік желіге салу үшін видео түсірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Лада" басылымы жазғандай, видеоға түсу үшін студенттердің бірі кеме тоқтайтын орыннан теңізге секіріп кеткен, бірақ одан кейін ол су бетіне шықпаған.

Суға батқан Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылының 2002 жылғы тумасы Маңғыстау Өнер колледжінің бірінші курс студенті, Ақтау қаласындағы №5 жатақханада тұрған. Ақтау қаласы ТЖ Басқармасы Азаматтық қорғаныс тобының офицері Төлегенов Азамат Мұхтарұлы

Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды