Instagram қолданушы жазбасы үнемі көрініп тұратын ететін функцияны іске қосты

Сурет: Instagram
Өз парақшаңыздың жоғарғы жағындағы торға суреттер мен роликтерді жүктеп, "іліп қоюға" болады. Компаниядағылар жаңа функция желі қолданушысын өз-өзін танытып, көрсетуге барынша еркіндік беретінін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарияланымды жүктеп, ілу үшін белгілі бір суретке немесе видеоға өтіп, жоғарғы оң жақ бұрыштағы үш нүктені түртіп, "Өз профилімде бекіту" тармағын таңдаңыз. Осыдан кейін профилдің жоғарғы жағындағы торда хабарлама пайда болады, деп жазады TechCrunch.

Instagram басшысы Адам Моссеридің айтуынша, өз профилінде белгілі бір жазбаны көрінетіндей етіп бекіту төмен түсіп кеткен сүйікті жазбасынан көз жазып қала беретін пайдаланушылардың көптен күткен мүмкіндігі.

Жаңашылдық Twitter-дің "Өз профиліңізге бекіту" функциясы мен TikTok-тың "Бекітілген видео" опциясына ұқсас жұмыс істейді.

АҚШ
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды