Никарагуа Президенті өз территориясына Ресей әскерін кіргізуге рұқсат берді

Сурет: pixabay
Никарагуа президенті Даниэль Ортега өз территориясына Ресей мен басқа елдердің әскери күштерінің гуманитарлық мақсатта уақытша болуына рұқсат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы La Gaceta үкіметтік газетіне сілтеме жасап, El Pais жазады.

"Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің қызметкерлері, кемелері мен авиациясы жаттығулар, сондай-ақ гуманитарлық көмек көрсету мақсатында, төтенше жағдайлар немесе табиғи апаттар кезінде іздестіру-құтқару және авариялық - құтқару жұмыстарын жүргізу үшін территориямызға кіре алады", - делінген хабарламада.

Ресейден басқа, АҚШ, Мексика, Куба, Венесуэла, Гватемала, Гондурас, Сальвадор, сондай-ақ Доминикан Республикасының әскери күштеріне де осындай рұқсат беріледі.

Никарагуа, Гондурас және Сальвадордағы Ресей елшісі Александр Хохоликов бұған дейін Ресей Федерациясының әскери мамандары Никарагуада ашық және заңды түрде жұмыс істейтінін, қажет болған жағдайда кемелер мен ұшақтар осы елдің порттары мен аэродромдарында бола алатындығын растады.

Бұған дейін Никарагуа Президенті Америка саммитіне қатысудан бас тартқаны белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды