Түркістанда жоғалып кеткен 18 жастағы қыз табылды

Сурет: pixabay
Келес аудандық полиция бөліміне әйел адам арызданды. Оның айтуынша, кешкі сағат 18:30 шамасында жасөспірім қызы дәріханаға барып келетінін айтып, қайта оралмаған. Жақындары өздері күні бойы іздеп таппаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тәртіп сақшылары жоғалған қызды бірден іздеуге кірісті. Жас қыздың баруы мүмкін жерлерді қарап, жақын достарынан, таныстарынан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Жас қыз Шардара ауданында қыдырып жүрген жерінен табылды. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қызды полицейлер отбасына қайтарды.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Түркістан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды