HBO «Тақтар ойыны» сериалының жалғасын түсіреді

Сурет: pixabay
Американдық HBO кабельдік және спутниктік телеарнасы «Тақтар ойынының» жалғасын түсіреді. Сериалдың басты кейіпкері Джон Сноу болуы керек, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Hollywood Reporter басылымында айтылғандай, Кит Харингтон бұл рольге қайта оралады. Хабарламада HBO қазір «Тақтар ойыны» әлемінде жеті жоба әзірлеп жатқаны айтылған.

«Тақтар ойыны» — Джордж Р.Р.Мартиннің «Мұз бен от әні» роман сериясына негізделген американдық фантастикалық телехикая. Телехикая – заманауи америкалық телевидениедегі ең үлкен бюджеттік жобалардың бірі. Сонымен қатар ол фантастика жанрындағы ең қымбат жобалардың бірі болған еді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды