Семей полигонынан зардап шеккен халық көмекке зәру

Сурет: pixabay
Семей полигоны туралы заңға өзгеріс енгізу қажет. Өйткені қолданыстағы ережеге сәйкес атом сынақтарынан зардап шеккен халыққа лайықты жағдай жасалмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрғындарға берілетін экологиялық төлемнің мөлшері мардымсыз. Халықтың денсаулығын қамтамасыз етуде жеңілдіктер қарастырылмаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал Қызылорда облысында Аралдың экологиялық зардабын тартқан халыққа ай сайын жалақыға 30-50 пайыз көлемінде үстемақы беріледі. Экологиялық жеңілдіктер бар. Ресейде сынақ алаңында тұрғандар зейнетке 10 жыл ерте шығады. Осы сынды мүмкіндіктер Семей өңірінің халқына да тиесілі болуы тиіс. Сондықтан, өңірдегі қоғам белсенділері «Полигон 21» деген қоғамдық ұйым құрды. Өңір тұрғындары қол қойған құжат Мәжіліске жолданады.

Мысалы үшін Ресейде, Қызылордада полигонна зардап шеккен, Аралдан зардап шеккендерге көп жеңілідктер бар. Әлеуметтік жағынан болса да, экономикалық жағынан болса да. Сондықтан, біздің Семейге де осындай заң қажет деп есептейміз. Қайрат Мирашев, «Полигон 21» қоғамдық ұйымының төрағасы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды