Атырауда қырылған шағалалардан құс тұмауы анықталды

Сурет: unsplash
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Атыраудағы шағалалардың қырылуына қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қашаған кен орнының екі жасанды аралында қара-ала тұқымды шағала құсының жаппай қырылу фактісі анықталды. Қырылған құстың қазіргі саны 2750-ге жетті.

Осыған байланысты Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы арнайы комиссия құрып, аталған аймаққа барды. Құстардың өлу себебін анықтау мақсатында су, топырақ және ауа сынамасы, сонымен қатар құстардың өлексесі зерттеуге алынды.

Зерттеу нәтежиесінде өлген құстардың сынамасынан АН5 құс тұмауы анықталып отыр, – делінген министрлік хабарламасында.

Қазір Атырау облысының аумағында құстардың жағдайына толық мониторинг жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, Атырау облысында «Қызыл кітапқа» енген шағала қырылып жатқаны хабарланған еді. 2022 жылдың 26 ​​маусымында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында мекеме инспекторлары құстардың өлу фактісін растады. 

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды