Маймыл шешегі: Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

Сурет: pixabay
Осы уақытқа дейін Қазақстанда маймыл шешегін жұқтырған бір де бір жағдай тіркелген жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Сондай-ақ министрлік әлемде осы ауруға шалдыққандар саны қарқынды өсіп жатқанын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ДСМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, маймыл шешегі (monkeypoxes, MPXV) – сирек кездесетін жұқпалы ауру.

Оған тән белгілер: қызба, жалпы интоксикация, бөртпе, везикулалар, папула және т. б.

Сондай-ақ маймыл шешегі вирусының ДНҚ вирусы 1980 жылы бүкіл әлемде жойылған шешекке жақын.

Таралу аймағы: Батыс Африка елдері (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д ' Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан).

Африкадағы сырқаттану саны қарқынды өсіп жатыр, 2016 жылдан бастап ДДҰ-ның ресми деректері бойынша, 20 есе өскен.

ДДҰ-ның алдын ала деректері бойынша, 2022 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша, әлемнің 66 елінде 5135 жағдай тіркелген (Ұлыбритания – 1076, Испания – 801, Германия – 874, Франция – 441, Португалия – 391, Канада – 283, Нидерланды – 257, АҚШ – 351, Италия – 160, Бельгия-117, Швейцария – 81 және т. б.) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстанда бүгінде маймылдардың шешек ауруына күдікті бірде-бір жағдай тіркелген жоқ.

Демалыс уақыты болғандықтан, Денсаулық сақтау министрлігі шетелге шығатын қазақстандықтарды бірнеше қарапайым, бірақ маңызды ұсыныстарды ұстануға шақырды:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды