Ресейлік туристер мінген автобустар Қазақстан шекарасынан 40 минутта өте алады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан мен Ресей Федерациясы шекарасында туристер мінген автобустардың бірінші кезекте өтуі «Жаңа жол» және «Қарақоға» өткізу пунктерінде  ұйымдастырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шекарадан жылдам өту үшін туроператорлар шекара қызметіне автобустар мен туристер саны және шекараға келу уақыты туралы ақпаратты алдын ала жібереді.

«Атамекен» ҚР ҰКП сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, бұған дейін туристер мінген автобустар жалпы кезекте жүретін.

Отандық туроператорлардың көбі Ресейден келетін туристермен жұмыс істейді, жазғы демалысқа балалар келеді.  

5 шілдеден бастап шекара қызметінің қолдауымен ұйымдастырылған туристер тобы автобуспен бар-жоғы 40 минутта бақылаудан өте алады. Бұл шара Қазақстандағы демалысты жайлы етеді. «Атамекен» ҚР ҰКП Туризм департаментінің сарапшысы Серік Қасенов
Қазақстан
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды