Өзбекстан СІМ-і Қарақалпақстандағы қазақстандықтарға көмек көрсету үшін штаб ұйымдастырады

Сурет: Facebook/Ўзбекистон Республикаси Ички ишлар вазирлиги
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Қарақалпақстан Республикасындағы қазақстандықтарға көмек көрсету мақсатында жедел штаб ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ведомствоның Telegram-дағы каналында айтылған.

Қарақалпақстан Республикасында орналасқан Қазақстан азаматтарына көмек көрсету мәселелерін шешу бойынша жедел штаб құрылғанын хабарлаймыз.Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

Қарақалпақстан Республикасы Өзбекстанның құрамында. Бұған дейін бірқатар қалалар мен ауылдардан келген қарақалпақтар ұсынылған өзгерістерге келіспейтінін айтып, видеохабарламалар түсірген.

1 шілдеде Қарақалпақстан азаматтары Нүкіс қаласы арқылы шеру жасап, одан кейін орталық дехқан базарының аумағына жиналып, заңсыз шеру ұйымдастырды.

Елге кіру және шығу шектелген. Барлық бұқаралық іс-шараға тыйым салынады. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстанда бір айға төтенше жағдай жариялау туралы жарлық шығарды.

Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды