Бұрқасын, тұман, жаңбыр: 9 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Сурет: pixabay
Синоптиктер 9 шілде күні Қазақстанда қандай ауа райы болатынын болжады. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Жел күшейеді. Республиканың шығысында бұрқасын, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта түнде және таңертең тұман болады. Ал Қазақстанның батыс және оңтүстік облыстарында батыс антициклонының ауысуы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.«Қазгидромет» РМК

Батыста, Қызылорданың шығысында, Абайдың шығысында, солтүстікте Түркістанның шөлді аймақтарында, Қарағандының оңтүстік-шығысында, Жамбылдың оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13...+15°С, күндіз +25...+27°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18°С, күндіз +26...+28°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +15...+17°С, күндіз +31...+33°С.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды