Уханьда студенттен тырысқақ ауруы анықталды

Сурет: pixabay
Ухань университеті студенттердің бірінде тырысқақ ауруы анықталғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС агенттігінің жазуынша, аурудың ошағы әлі табылған жоқ. Университетте дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Ауру жұқтырған студентпен қарым-қатынаста болған студенттер тексеруге жіберілді.

Серологиялық талдау тырысқақ инфекциясын растады. Науқастың негізгі белгілері іш өту және дене қызуының көтерілуі болды, ол қазір емделіп жатыр. Учан муниципалдық ауданының денсаулық сақтау комитеті

Тырысқақ ауруы – ішек ауруларының ішіндегі ең қауіптісі, жұғу қаупі жоғары және берілу жолдары түрлі болғандықтан, ауру тез таралады. Жұқпа таралуының жалғыз көзі – ауру адам немесе тырысқақ бойынша қолайсыз аймақтан келген қоздырғышты нәжіс немесе құсық арқылы бөлетін вибриотасымалдағыш.  Тырысқақ вибрионы адамның аш ішегін зақымдайды, денені қатты улайды. Бұл қауіпті кеселдің инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 5 күнге дейін көбінесе 2-3 күнге созылады. Тырысқаққа тән нәрсе – аурудың бірден жедел түрде, аяқ астынан басталатыны. Аурудың алғашқы белгісі – іштің өтуі. 

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды