ШҚО-да ірі есірткі арнасы жойылды: Өзбекстан азаматы ұсталды

Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері ҚР ІІМ ЕҚҚКД үйлестіруімен арнайы операция жүргізіп, нәтижесінде есірткіні өткізу процесіне жастарды тарту үшін келген 26 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Одан салмағы 500 грамнан асатын психотропты зат тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр және соттың санкциясымен ол қамауға алынды. Қабылданған шаралардың арқасында 1 600-ден астам бір реттік доза синтетикалық есірткінің заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді.ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Шаяхметов

Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ведомстводағылар атап өткендей, күдіктіге қатысты ҚР ҚК 297-бабының санкциясымен 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Өскемен
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды