Алматыда кішкентай батыр шұңқырдан үш жасар қызды алып шықты

Сурет: newscorr
Үш жасар қыз тайып кетіп, тереңдігі 3 метр болатын дәретхана шұңқырына құлап кеткен. Жақын жерде 10 бала топ болып тұрған. Олар абдырап қалды. Оқиға Алматының іргесіндегі Көкдала ауылындағы жеке үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

10 жасар Әлихан ғана бірден әрекетке көшкен. Ол өзін арқанмен байлап, әжетхананың бетон еденіндегі шұңқырға жылдам түскен.

Әлихан шұңқырдың түбінде тұрып, қызды белінен арқанмен байлап, жоғарыға жіберген. Әйтпесе балалар күкіртті сутегі улы газынан улануы мүмкін еді. Осылайша 10 бала кішкентай бүлдіршіннің де, өзінің де өмірін сақтап қалды.

Елімізде жастардың ерлік істері жиілеп барады. Еске салайық, 13 шілдеде астаналық тұрғын Есдәулет тұрғын үй кешендерінің бірінде болуы мүмкін қайғылы оқиғаның алдын алды. Оның ерен ерлігі қазақстандықтарды қуантты.

Есдәулет Дәуітбековке Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде тегін оқуға грант берілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды