Жақында Қазақстанның жол қозғалысы ережесіне самокатты пайдалану ережесі де енгізіледі

Сурет: Zakon.kz
Шілде айының басында Қазақстанда электр самокаттарды пайдалану стандарты бекітілгені хабарланған еді. Zakon.kz редакциясы осыған байланысты жол қозғалысы ережесіне тиісті жаңашылдық енгізілетін-енгізілмейтінін анықтауды жөн көрді.

Бекітілген стандарттар электр самокатын басқаратын адамның құқығы, қосымша жолаушыларсыз жүру, жылдамдықты 50 км/сағ асырмау, оған тұрған күйде міну және тағы сол сияқты нәрселерді қамтиды.

Құжат күшіне енді.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев осыған байланысты Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енгізілетінін айтты.

Электр самокатқа арналған стандарттың қабылдануына байланысты министрлік жақын арада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қолданыстағы заңнамаға, соның ішінде Жол қозғалысы ережелеріне оларды қауіпсіз пайдалану ережелерін белгілеу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр, – деп жауап берді Жандос Мұраталиев ресми сауалға.

Полиция қызметкерлері самокат жүргізушілерінің жолда жүру ережесін сақтауын «жалпы негізде, күнделікті патрульдік қызмет аясында» қадағалайтын болады.

Жол қозғалысы ережесін бұзғандарға қандай жаза түрлері белгіленетіні әзірше белгісіз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды