Қазақстанда тағы бір мерекелік дата пайда болады

Сурет: Zakon.kz
Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасындағы мерекелер тізіміне толықтырулар әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша мерекелер тізімінде жаңа кәсіби мереке пайда болады: 16 сәуір – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің күні.

Түсіндірме хаттағы мәлімет бойынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) саласының қызметкерлері ел тұрғындарын тәулік бойы жылумен, электрмен, сумен қамтамасыз етіп, көше тазалығын қадағалап, еліміздің тұрғын үй қорын басқарып, күтіп-баптап, сол арқылы азаматтар үшін қолайлы жағдай жасайды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің күні КСРО-да 1966 жылдан бастап шілде айының төртінші жексенбісінде тойланып келді және ТМД-ның біраз елінде әлі бар. Соның ішінде Ресей, Беларусь, Украина және Өзбекстанда сақталған.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бұл мерекенің белгіленуі осы салаға ардагерлерді алмастыратын жас мамандар мен жоғары білікті инженерлердің келуіне, сонымен бірге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері мамандығының беделін және олардың кәсібилігін, жұмысқа деген мақтанышын арттыруға ықпал етеді.

Қаулы жобасы 2 тамызға дейін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды