Астаналықтарға бетперде кию міндеттеле ме

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Нұр-Сұлтан тұрғындарына қала COVID-19-ға бойынша «сары» аймаққа өткендіктен, бетперде киюді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Бетперде кию міндетті емес, ұсыныс. Дегенмен біз бетперде киюді ұсынамыз. Қазірдің өзінде маска таға бастаған ұйымдар бар. Мысалы, біздің Министрліктер үйінде ол міндетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау департаментінің басшысы Роза Қожапова

Еске салсақ, 21 шілдеде Нұр-Сұлтан коронавирус бойынша «сары» аймаққа көшті.

Бұған дейін Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау департаментінің басшысы қала «қызыл» аймаққа көшсе, қатаң карантин енгізу мәселесі қарастырылатынын айтқан болатын.

Нұр-Сұлтан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды