Фейк: Ақтөбе облысындағы ауылдарға қауіпті химикаттар шашылады

Сурет: pixabay
Telegram-да Ақтөбе облысының ауылдық аймақтарында қауіпті химикаттар шашатыны туралы ақпарат жарияланып, қауіпті заттарды тасымалдайтын жүк автомобилі түсірілген видео жүктелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Stopfake.kz желілік басылымы ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме бергенін жазды.

Бұл видеода облыстың жеке дезинфекциялау қызметтерінің күшімен жәндіктер мен зиянкестерге қарсы жасыл желектерді өңдеу жұмысының барысы көрсетілген. Бұл жұмыс қолданылатын препараттардың регламентіне сәйкес кешкі және түнгі уақытта жүргізіледі. Өңдеу шарасы Ақтөбе қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімімен жасалған шарт бойынша жүзеге асырылды.ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев

Сондай-ақ ол қазіргі уақытта Ақтөбе облысындағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты болғандықтан, СОVID-19-ға байланысты дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілмейтінін айтты.

Ақтөбе
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды