Англия кадрлық дағдарысқа тап болды

Фото: pexels
Англияның денсаулық сақтау қызметі ел тарихындағы ең үлкен кадрлық дағдарысқа тап болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Медицина саласына 40 мыңға жуық медбике мен 8 мыңнан астам дәрігер жетіспейді.

Ковид қайта белең алған тұста бұл жығылғанға жұдырық болып тұр, деп жазады qazaqstan.tv.

Әсіресе перзентханаларға мамандар ауадай қажет. Тек өткен жылы 500-ден астам акушер жұмыстан шығып кеткен, өткен 3 жылмен салыстырғанда штаттағы дәрігерлер саны 700 адамға азайған.

Қаржының тапшылығына байланысты кейбір бос жұмыс орындарына маман іздестіріліп те жатқан жоқ.

Ковид пандемиясынан кейін әлі де жағдай түзелмеді, сала қызметкерлері бұл мәселені шешудің оңай жолы жоқ екенін біледі. Бірақ мәселені шешеміз. Жаңадан сайланатын премьер-министр осы мәселеге басымдық беруі тиіс. Джереми Хант, Денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек комитетінің төрағасы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды